"Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім беру бөлімінің Қаракөл ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Караколь отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЕСЕП Отбасы күніне арналған іс-шаралардың өткізілуі туралы КММ «Қаракөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» 2026 жылғы 7–13 қыркүйек аралығы

14.09.2026

Отбасы күнін мерекелеу аясында мектепте 2026 жылғы 7–13 қыркүйек аралығында «Отбасы бізден басталады» ұранымен Отбасы апталығы өткізілді. Іс-шаралар отбасылық құндылықтарды нығайтуға, бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін арттыруға, ата-аналар мен балалар арасындағы өзара түсіністікті дамытуға, сондай-ақ отбасылық дәстүрлерге жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталды.

7 қыркүйекте «Отбасы бізден басталады» атты Отбасы апталығының ашылуы өтті. Мектеп оқушыларымен отбасының маңызы мен отбасылық құндылықтарға арналған сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар «Отбасылық мұрағат: менің отбасымның тарихы» акциясы ұйымдастырылып, 11 «А» сынып оқушысы Байғалым Нұрасыл атасының жазған кітабын таныстырды.

9 қыркүйекте «Әке + бала: бірге өткізген 60 минут» атты іс-шарасы өткізілді. Ата-аналар мен балалар шығармашылық тапсырмаларды бірлесіп орындап, ас әзірледі, сурет салды, спортпен айналысты. Іс-шараның мақсаты – ата-аналар мен балалар арасындағы эмоционалдық байланысты нығайту және бос уақытты тиімді әрі пайдалы ұйымдастыру.

Сол күні «Ата-аналар да шаршайды» – «Ата-анама алғыс сөздерім» акциясы өткізілді. Оқушылар ата-аналарына деген алғыстарын білдіріп, олардың қамқорлығы, қолдауы мен сүйіспеншілігі үшін ризашылық сөздерін жазды.

10 қыркүйекте бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Отбасы бояуларда» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Балалар шығармашылық жұмыстары арқылы отбасы, махаббат, қамқорлық және отбасылық бақыт туралы өз түсініктерін жеткізді.

11 қыркүйекте «Кітап оқитын ұлт – кітап оқитын әулет» / «Оқырман отбасы» идеясы аясында «Отбасылық кітап оқу кеші» өткізілді. Іс-шара кітап оқуды насихаттауға және телефонсыз бірге уақыт өткізу мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

13 қыркүйекте мектептің әлеуметтік желілерінде Отбасы күніне арналған мерекелік құттықтау жарияланды.

Өткізілген іс-шаралар отбасылық қарым-қатынастарды нығайтуға, ата-аналар мен балалардың бірлескен қарым-қатынас мәдениетін дамытуға, отбасылық дәстүрлерді сақтауға, жауапкершілік, өзара көмек және отбасы мүшелеріне деген құрмет сезімдерін қалыптастыруға ықпал етті. Отбасы апталығы мазмұнды өтіп, оқушыларды, ата-аналар мен педагогтерді бірлескен іс-әрекетке біріктірді.

Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары:                     Кучербаева С.О

    

.

Просмотров: 14


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст